"Адал Ұрпақ- мәңгілік ел кепілі" » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
желтоқсан
2020

"Адал Ұрпақ- мәңгілік ел кепілі"

Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің бастамасы бойынша 2020 жылдың 25 желтоқсан күні №151 ЖББ мектебінде  ауданның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен  аға тәлімгерлеріне "Адал Ұрпақ- мәңгілік ел кепілі" тақырыбында аудандық "ZOOM" платформасы арқылы онлайн-семинар   өткізілді.  Семинардың  мақсаты: мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыратын,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге бағыт, бағдар беру. Семинар бағдарламасы бойынша семинардың өтілу барысы айтылып,"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының атқарылып жатқан жұмыстары мен секциялардың жоспарымен таныстырылып,  мектебіміз бойынша оқушылармен осы бағытта атқарылған жұмыстар слайд арқылы көрсетілді.«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда бүгінгі таңда Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы түрлі шаралар өткізіліп жатқандығын баяндалды. Семинар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен аға тәлімгерлер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: