«Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы есебі. » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы есебі.
19
сәуір
2021

«Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы есебі.

Алматы қаласы Алатау ауданы №151 жалпы білім беретін мектеп «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы есебі (12.04.2021-17.04.2021) Алматы, 2021 ж «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» Сәуірдің 12-17 аралығында «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» атты «Жас мамандар» мектебінің апталығы өтті. Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету. Апталық басталған күні мектеп директоры Молдабаева Гульшат Жаксылыковна, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Максимова Ақбота Максимқызы, тәлімгерлер және жас мамандар қатысуымен кездесу өткізіп, апталық мақсатымен, жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Медетбекова Забида Омаровна «Өзіңді таны. Маман болып қалыптасуда қандай проблемаларға кезіктің және оны қалай шештің?» тақырыбында жас мамандардан бастапқы сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша жас мамандарымыздың бәрі өз мамандығын дұрыс таңдап, педагогикалық жұмысқа саналы түрде келіп, мектеп жұмысының сапасына көңілі толатындықтарын, мамандық ауыстыру туралы ойлары жоқ екенін жеткізді. 13 сәуір күні мектеп психологтары Шералиева Гульмира Алтынбековна және Нурманова Зульфия Мелисовна жас мамандармен жағымды психологиялық ахуал тудыра отырып, «Жақсы көңіл-күй – жақсы қарым-қатынас» атты тренинг өткізді. Тренинг жас ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлап, ортаға бейімделу, бір-бірін жақсы танып білу, жақын қарым-қатынасқа түсу мақсатында өте жоғары дәрежеде өтіп, өз нәтижесін көрсетті. 14 сәуір күні бастауыш сынып пәні мұғалімі Байменова Гульзада Ержановна жас мамандарға арналған «Тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік коучинг өткізді. Коучингте Гульзада Ержановна алдына қойған мақсаттарына жетіп, жас ұстаздарымыз өз белсенділіктерін көрсете білді. Коучингтан кері байланыс туралы ақпарат алып, оның түрлерін, қолданылуын үйренгендерін айтты. 15 сәуір күні тәлімгерлердің ұйымдастыруымен ашық сабақтар өткізілді. Жас ұстаздарымыз өздерінің сабағында қолдана алатын көп әдіс–тәсілдерді үйреніп, іскерлік пен кәсіби құзіреттіліктерін арттырды. Сонымен қоса, апталық кезінде жас мамандар өздерінің тәлімгерлерінің және басқа да пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, іс-тәжірибелерін арттырды. 16 сәуір күні жас мамандар өздерінің ашық сабақтарын өткізіп, өздерін көрсетті. Қорытынды: Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас ұстаздардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. Жас мамандарға қолдау және көмек беру мақсатында ұйымдастырылған апталық өз мақсатына жетті.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: