«Мектеп директорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектеп директорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»
30
қараша
2021

«Мектеп директорының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»

Алматы қаласы Алатау ауданының мектеп басшыларына №151 ЖББМ «Мектеп директорының қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел арнайы 1-желтоқсан «Тұңғыш Елбасы» күні меркесіне орай оқушылар тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен басталды.
Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде :
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық  «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбекович.
Алматы қаласы Алатау ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы 
Алматы қаласы Алатау ауданының білім бөлімінің әдіскері Әлия Белгібайқызы
Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жуманов Кайрат Избасарович қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Адал Ұрпақ» клубының жұмыс барысы және  өткізілген іс шаралар таныстырылып, 2021 жылғы маусым-желтоқсан аралығындағы кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп тыңдалды.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отырған сыбайлас жемқорлық аясында көтерілген тақырып терең қозғалды. Отырысқа қатысқандар өз ойларын ортаға салып, ақпарат алмасып отырды. Дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде шақырылған Қайыржан Ахметбекович Токушев мырза барша қатысушыларға тың мәліметтерін бөлісе отырып, алдағы уақытта маңызды болып табылатын әдістерді қолдануды ұсынды.
Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Медербекқызы 151 ЖББ мектептің осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар барысында жыл сайын іс-шаралар өткізіп отыратындығын тілге тиек етіп, өз ризашылығын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: