Қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Эдель Ольга Иванована «Культура устной и письменной речи» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, авторлық бағдарламасының тиімділігін таныстырды.


Семинар тақырыбы:
«Оқушының зияткерлік әлеуеті мен тілдік мәдениетін қалыптастырудың заманауи технологиялары»
Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлауын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу тәжірибесін жинақтау.
- Алғы сөзді Алатау ауданының білім бөлімінің әдіскері Бөкенова Дина Бөкенқызына сөз берілді. Құрметті әріптестер! Сіздерді онлайн форматта өтетін, ақпаратқа толы авторлық бағдарламалар туралы тәжірибе алмасу қалалық семинарында көріп отырғаныма қуаныштымын. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты тірегі — осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу — жаңа формация мұғалімінің еншісінде дегім келеді. Бүгінгі авторлық бағдарламалармен тәжірибе алмасу барысында сіздерге сәттілік тілеймін!
- №151 ЖББМ директоры Карымсакова Толкын Турсунгуловна сөз сөйлеп, педагогтарға сәттілік тіледі.
1. Авторлық бағдарлама:
1. Қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Эдель Ольга Иванована «Культура устной и письменной речи» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, авторлық бағдарламасының тиімділігін таныстырды.
2-4-сынып оқушыларына арналған бұл жұмыстың негізгі мақсаты – бастауыш сатыны аяқтап, орта буынға қадам басқалы отырған оқушылардың лексикалық қорын кеңейту, сөйлеу мәдениеті мен коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Ольга Ивановна өз бағдарламасында дәстүрлі емес оқыту технологияларын, интерактивті әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындарды жүйелі қолдану жолдарын ұсынды. Бұл технологиялар оқушылардың сөз мағынасын терең түсінуіне, синонимдік қатарларды дұрыс қолдануына және ойын жүйелі, көркем тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді. Педагог-зерттеуші ұсынған тәсілдер оқушылардың шығармашылық қиялын дамытып, тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Семинар соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында «Кері байланыс» орнатылып, іс-шараның нәтижелері қорытындыланды. Қазіргі заманғы цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында кері байланыс Padlet онлайн тақтасы (QR-код) арқылы жүзеге асырылды. Бұл қатысушыларға өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ашық әрі жедел жеткізуге мүмкіндік берді.