"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!