Тарихымыз » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас Ұлан,Жас Қыран"
25
қаңтар
2024
"Жас Ұлан,Жас Қыран"
"Жас Ұлан,Жас Қыран" ББЖ ұйымының 4-6 сынып оқушылары арасында өткен "Отаным менің Қазақстан" атты патриоттық әндер байқауына қатысып №151 ЖББМ оқушысы Қуандық Нұрдин III-орын иегері атанды. Жетекшісі: Конратпаева Г.Т. Құтты болсын!
«Қызға айтар ақыл бар»
22
қаңтар
2024
«Қызға айтар ақыл бар»
«Қызға айтар ақыл бар» Қыз балаларға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 5-7 сынып қыздарына “Даналық мектеп “ жобасының аясында “Жеңге кеңесі” клубының “Қыз ғұмырдың құпиялары “ тақырыбында кезекті отырысы өтті.
"Бес күн бес іс шара"
22
қаңтар
2024
"Бес күн бес іс шара"
"Бес күн бес іс шара" тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында әр күндегі іс-шараларды атаулары мен біріңғай тәртібін реттейді. "Бес күн бес іс шара" жобасы аясында білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізудің мазмұны мен біріңғай тәсілдемесін әзірлеу мақсатында: Дүйсенбі "Патриоттық күн" (Ән ұран орындау) бағыты бойынша мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларының Ән ұранды орындау барысы
«Жігіт сұлтаны-2024»
11
қаңтар
2024
«Жігіт сұлтаны-2024»
Алматы қаласы Алатау ауданы бүгін мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары арасында , өршіл рухы бар, парасатты жігіттер «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу, ел намысын қорғау сияқты ұғымдарды жігіттеріміздің бойына зерделеп жеткізу мақсатында, егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін бүгінгі «Жігіт сұлтаны-2024» атты сайысы өткізілді. 9 «А» сынып оқушысы Турсунмахамедов Ерали «Жігіт сұлтаны-2024» атты бас жүлдені жеңіп ,ауданға жүлдеме алды  
“Қош келдің Жаңа Жыл”
28
желтоқсан
2023
“Қош келдің Жаңа Жыл”
Алматы қаласы Алатау ауданы №151 ЖББ мектебінде 28.12.2023ж күні 7-8 сыныптар арасында “Қош келдің Жаңа Жыл” мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекелік іс шарадан керемет сезім алып жақсы көңіл күйде қайтты. Жаңа 2024 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
«ДОСБОЛLIKE»
22
желтоқсан
2023
«ДОСБОЛLIKE»
Комитеттің балалар омбудсмендерінің бастамасымен «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасын іске асыру бойынша Алматы қаласының білім беру ұйымдарының оқушылар жағымды қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында балалардың құқықтарын қорғау жоспары бойынша мектебімізде «ДОСБОЛЛИКЕ-2024: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫНЫҢЫЗ!» акциясына қатысуда
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"!
15
желтоқсан
2023
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!  Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
«Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсімі.
08
желтоқсан
2023
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
Алматы қаласы Алатау ауданы өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында №151 ЖББМ  «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсімі өтті .
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
01
желтоқсан
2023
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
Алматы қаласы  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында оқушылар сарайында  «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсіміне №151 ЖББМ оқушылары да барып, жақсы көңіл күймен қайтты.