Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы  мәдениет және спорт министрлігі.
03
ақпан
2021
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі.
Қазақстан Республикасы  мәдениет және спорт министрлігі "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейі  " Жамбыл-деген  жай атым-Халық-менің шын атым "-деп ,жыр жырлаған қазақ поэзиясының алып бәйтерегі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ақын шығармаларын кеңінен насихаттау ,артында қалған мол мұрасын бір ізге түсіру ,ел бірлігін жырлаған жырлары арқылы жас ұрпақты отаншылдық сезімге баулауға қосқан үлесі үшін №151 ЖББМ директоры Г.Ж.Молдабаева мен ДТІЖО Г.Н.Абдалиева алғыс 
"Мейірімділік пен жүрек жылуы-адамзаттың  қасиеттері"атты қалалық ЮНИФЕСТ.
27
қаңтар
2021
"Мейірімділік пен жүрек жылуы-адамзаттың қасиеттері"атты қалалық
Алматы қаласы Білім басқармасы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар мен ғылыми -әдістемелік орталығының рухани -адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің ұйымдастыруымен "Мейірімділік пен жүрек жылуы-адамзаттың  қасиеттері"атты қалалық ЮНИФЕСТ байқауына қатысып,мектебіміздің оқушылары мен жетекшісі А.К.Смайлова "Қайырымдылық-ізгі қасиет" номинациясы бойынша  Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л.Жылқыбаеваның ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
"ПедСтарт!"
16
қаңтар
2021
"ПедСтарт!"
"Дарын" Республикалық ғылыми- практикалық  орталығының ұйымдастыруымен өткен білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы , бастауыш сыныптағы қазақ тілі, орыс тілі пәні мұғалімдеріне арналған "ПедСтарт" қашықтықтан олимпиадасына қатысып жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің ұстаздары.
Республикалық ұстаздарға арналған Edulife онлайн олимпиадасы.
08
қаңтар
2021
Республикалық ұстаздарға арналған Edulife онлайн олимпиадасы.
Мектебіміздің биология пәні мұғалімі А.И.Жанаманова Республикалық ұстаздарға арналған Edulife онлайн олимпиадасына қатысып жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін сыйлықпен (планшет) марапатталды.
"Елімнің тарихи қадамдары"
10
желтоқсан
2020
"Елімнің тарихи қадамдары"
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен  аудан мектептеріндегі 8-9 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  "Елімнің тарихи қадамдары" атты  ZOOM платформасында өткізілген сайысқа қатысып  9 "Г"сынып оқушысы Магаматова Камила 1-орын иеленгені үшін мақтау қағазымен  марапатталды.
Алғыс хат.
30
қараша
2020
Алғыс хат.
1- желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы, "Nur Otan"партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын,партияның мақсаттары мен міндеттерін  іске асыруда  жоғары жауапкершілік  көрсеткендері  үшін,сондай-ақ елімізде алғаш рет ұйымдастырылған  Праймериздің өткізілуіне  зор үлес қосуына байланысты "Nur Otan"партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы Б.Сағынтаев мырза мектебіміздің "Әділет"бастауыш партия ұйымын  алғыс хатпен марапаттады.
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
13
қараша
2020
"Салауатты өмір салтын қолдаймыз!"
Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы" "Алматы Дарыны " дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығымен бірлесіп ұйымдастырған Спорт Стекингтан Білім басқармасының кубогі жарысында мектебіміздің оқушылары Дүйсекеева Арайлым І орынға, Серікұлы Ерік  ІІ орынға ие болды. Дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Бутабаева Алина мен Самижанұлы Жангелді  құрмет грамотасымен марапатталды.
"Алтын күз"
06
қараша
2020
"Алтын күз"
Республикалық  "ӨРЛЕУ" порталының  және "MediaBilim" ақпараттық танымдық журналының ұйымдастыруымен өткен  "Қош келдің,Алтын күз"атты республикалық жас таланттар байқауының   "Үздік қолөнер" номинациясы бойынша   қатысып, шығармашылық дарындылығымен ерекшеленгені үшін 3 "Е" сынып оқушысы Азизов Азиз Ідәрежелі дипломмен және 3 "Е"сынып оқушылары сынып жетекшісі Иманова Майгуль Наримановна марапатталды.
"Күз аруы"
29
қазан
2020
"Күз аруы"
"Күз аруы"атты Ашық Қалалық қашықтықтан өткізілген флористикалық костюмдер байқауына қатысып 2"Е" сынып оқушысы Арлиева Алия  III  орын алғаны үшін марапатталады. жетекшісі Инамова М.Н.
"Алтын қазына" байқауы.
28
қазан
2020
"Алтын қазына" байқауы.
Мектебіміздің оқушылыры "Алтын қазына" қалалық көркемөнер және сәндік -қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауына қатысып,  🥇-1 орын иегері Ахметов Ақтанберді 🥈-2 орын иегері Зимина Илья 🥉-3 орын иегері Мыңжасар Аружан байқауға қатысып белсенділік танытқаны үшін Бекболат Сезім,Жумагулова Сымбат марапатталды. Жетекшілері: Кеңесбек Айтолқын Бәкірамқызы,Сейткулов Айдархан Бекбосынович алғыс хаттармен марапатталды.