БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҮШІН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ТЕЛЕФОНДАРЫН ІСКЕ ҚОСЫП ЖАТЫР » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҮШІН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ТЕЛЕФОНДАРЫН ІСКЕ ҚОСЫП ЖАТЫР
16
қыркүйек
2021

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҮШІН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ТЕЛЕФОНДАРЫН ІСКЕ ҚОСЫП ЖАТЫР

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҮШІН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ ТЕЛЕФОНДАРЫН ІСКЕ ҚОСЫП ЖАТЫР

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын іске қосып жатыр. Қыркүйек айында 3,6 миллион оқушы, 400 мыңға жуық мұғалім, 600 мыңға жуық студент және 35 мыңнан астам оқытушы үшін жаңа оқу жылы басталғандықтан, осы кезеңде білім беру саласына қатысты мәселелер аса өзекті болып табылады. Жедел желі телефондары ел азаматтарының Комитет пен аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне түрлі проблемалар туралы хабарлауы үшін жұмыс істейтін болады. 

Бұл мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға тарту, мектеп дәретханалары, бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары, қауіпсіздік жүйесінің басқа элементтері, жатақханаларға қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін.

Сондай-ақ ата-аналар, мұғалімдер және бұл мәселелерге бей-жай қарамайтын адамдар WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы 8-705-206-59-32 нөміріне қауіпсіздік жүйелерінің, мектеп дәретханаларының, жатақханалардағы жағдайлардың талаптарға сәйкессіздігі туралы фото және бейнематериалдарды жібере алады. Мектептерге қатысты мәселелер жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады, өйткені қаржыландыру функциялары, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық мәселелер әкімдіктердің құзырында.  Сонымен қатар осы өтініштердің барлығы проблемалар түпкілікті жойылғанға дейін Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің бақылауында болады.
 
💬«Қазіргі уақытта адамдардың басым бөлігі фотосурет пен видео түсіруге арналған функциялары бар смартфондарды пайдаланады. Балалар үшін оқу процесінің ыңғайлы және қауіпсіз болуын қалап, бұл мәселеге немқұрайлы қарамайтын азаматтар қазірдің өзінде түрлі бұзушылық туралы хабардар етіп, фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялап жатады. Біз азаматтардың өтініштерін бақылауға алып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі белсенділігі үшін оларға алғыс айтамыз. Егер басқа да азаматтар осылай жасап, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін фактілер туралы бізге хабарласа, біз бұл мәселені әкімдіктердің қарауына жіберіп, мәселе толық шешілгенге дейін өз бақылауымызда ұстаймыз. Өйткені бейнекамералармен қамту немесе мектептердегі санитарлық тораптарға қатысты мәселелерді шешу әкімдіктердің құзырында», — деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Естеріңізге сала кетейік, осы оқу жылының басынан бері ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсті. Комитеттің қарауынан және араласуынан кейін барлық өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдаған болатын. Мәселе дәретханалармен, бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмаларымен және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен байланысты сұрақтарды шешу туралы болып отыр. 

**********
КОМИТЕТ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ КАЧЕСТВА В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ЗАПУСКАЕТ ТЕЛЕФОНЫ ГОРЯЧЕЙ ЛИНИИ ДЛЯ ОБРАЩЕНИЙ ГРАЖДАН
 
Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки МОН РК запускает телефоны горячей линии для обращений граждан. Поскольку в сентябре начался новый учебный год для 3,6 миллионов школьников, около 400 тысяч педагогов, около 600 тысяч студентов и более 35 тысяч преподавателей страны, вопросы, связанные со сферой образования, являются одними из самых актуальных. Телефоны горячей линии будут работать для того, чтобы казахстанцы могли сообщать сотрудникам Комитета и территориальных департаментов о различных проблемах. 

Это могут быть вопросы привлечения учителей к несвойственным функциям, проблемы, связанные со школьными туалетами, камерами видеонаблюдения, тревожными кнопками, другими элементами систем обеспечения безопасности, общежитиями и так далее.

 Также родители, учителя и просто неравнодушные люди смогут направлять фото-  и видеоматериалы о несоответствии систем безопасности, школьных туалетов, условий в общежитиях принятым требованиям  посредством мобильного приложения WhatsApp на мобильный номер 8-705-206-59-32. Вопросы, касающиеся школ, будут переданы в местные исполнительные органы, поскольку законодательно функции финансирования, вопросы строительства, ремонтных работ, создания необходимых условий, в том числе и санитарных, находятся в ведении акиматов.  Вместе с тем все эти обращения будут находиться на контроле Комитета и его территориальных департаментов до момента окончательного устранения проблем.

 💬«В настоящее время большинство людей пользуются смартфонами с функциями фото- и видеофиксации. Небезразличные граждане, которые ратуют за комфортные и безопасные условия обучения детей, в том числе и в вопросах элементарных удобств и систем безопасности, уже публикуют фото- и видеоматериалы, сообщая нам о различных нарушениях. Мы берем на контроль обращения граждан и благодарим за активность в вопросах обеспечения безопасности детей. Если такому примеру последуют и другие, сообщая нам о фактах несоответствий, мы будем направлять их в акиматы, в ведении которых находится решение, например, проблем с видеокамерами или санитарными узлами в школах, и сами контролировать вплоть до полного решения вопроса», – сообщила председатель Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки Гульзат Кобенова.

 Напомним, что с начала этого учебного года в КОКСОН МОН РК поступило около 70 обращений от граждан. После рассмотрения по всем обращениям были приняты необходимые меры.

Ранее Министерством образования и науки РК были направлены письма в акиматы ряда регионов для принятия мер в отношении лиц, не исполнивших поручения, касающиеся школ. Речь идет о решении проблем, связанных с туалетами, обеспечением камерами видеонаблюдения, тревожными кнопками и другими элементами систем безопасности.

@bilim_jane_gylym

    

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: