«Алматы ұстазы» байқауына өтініш қабылдау басталды » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
тамыз
2022

«Алматы ұстазы» байқауына өтініш қабылдау басталды

Өтініштер almatyustazy.kz порталында қабылданады. Қалалық білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаеваның мәліметінше, байқаудың бес жеңімпазына Финляндияға барып тәжірибе алмасу мүмкіндігі туды.
«Біздің мақсатымыз – 36 жасқа дейінгі дарынды және шығармашыл жас мұғалімдерді іріктеу. Байқау қорытындысы бойынша 5 жеңімпазға Финляндияда тағылымдамадан өту сертификаттары беріледі», - деді Л.Жылқыбаева.
Басқарма басшысы алматылық мұғалімдерді байқауға қатысуға емес, оқушыларға өз тәлімгерлерін белсенді қолдауға шақырды.
Байқау төмендегідей кезеідерден тұрады:
I кезең - 2022 жылғы 01 тамыздан 11 қыркүйекке дейін
ONLINE
«Менің оқыту философиям» тақырыбына мультимедиялық мақала әзірлеу.
Түрлі сандық ресурстарды пайдалана отырып, мультимедиялық мақала форматында тиімді оқыту мен оқыту принциптері туралы өз көзқарасыңызды ұсыну. Бірінші кезеңнің тапсырмасын нақтылауға арналған басталу сессиясы – 2022 жылғы 22 тамыз. Байқауға қатысушылардың бірінші кезең жұмысын тапсыру мерзімі 2022 жылдың 11 қыркүйегіне дейін.

Қазылар алқасы бірінші кезеңнің қорытындысы негізінде екінші кезеңге қатысатын жүз мұғалімді анықтайды.

II кезең - 2022 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында
LIVE
«Ұстаз – кәсіби маман» сайыс сабағын өткізу
Оқытудың берілген тәсілін пайдалана отырып, сайыс сабағын әзірлеу және өткізу.
Бірінші кезеңнің тапсырмасын нақтылауға арналған басталу сессиясы – 2022 жылғы 14 қыркүйек Байқауға қатысушылардың сабақ жоспарын әзірлеуінің соңғы мерзімі 2022 жылдың 20 қыркүйегіне дейін.

Қазылар алқасы екінші кезеңнің қорытындысы негізінде үшінші кезеңге қатысатын бес финалисті анықтайды.

III кезең - 2022 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында
LIVE
«Мен педагог-көшбасшымын» тақырыбында авторлық шеберлік сабақтарын өткізу (педагогикалық тәжірибем мен дағдыларымды таныстыру)
Қазіргі заманғы стратегияларды, әдістерді және ресурстарды пайдалана отырып, өзекті тақырып бойынша шеберлік сабағын әзірлеу және өткізу. Бірінші кезеңнің тапсырмасын нақтылауға арналған басталу сессиясы – 2022 жылғы 24 қыркүйек Байқауға қатысушылардың шеберлік сыныбын әзірлеудің соңғы мерзімі – 2022 жылдың 28 қыркүйегі.

Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпазын анықтайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: