30
қазан
2025
Ұлттық кітапханаға танымдық экскурсия.
Алматы қаласы
Алатау ауданы
№151 ЖББМ 30.10.2025ж күні 5 сынып оқушылары Ұлттық кітапханаға танымдық экскурсияға барды. Бұл экскурсияның мақсаты — оқушыларға кітаптың құндылығын түсіндіру, кітапхана мәдениетімен таныстыру және рухани-мәдени көзқарасын кеңейту.
Ұлттық кітапхана — еліміздегі ең ірі кітап сақтау орны. Мұнда тарихи құжаттар, сирек кітаптар, заманауи әдебиеттер сақталған. Оқушылар кітаптардың орналасу тәртібімен, оқу залдарының жұмысымен, электронды ресурстармен танысты.
Экскурсия барысында балалар кітап оқу арқылы білімге жол ашуға болатынын ұғынды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын арттырады.