«Қызға айтар ақыл бар»
«Қызға айтар ақыл бар» Қыз балаларға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 5-7 сынып қыздарына “Даналық мектеп “ жобасының аясында “Жеңге кеңесі” клубының “Қыз ғұмырдың құпиялары “ тақырыбында кезекті отырысы өтті.