«Жас Ұлан» » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қараша
2023

«Жас Ұлан»

Бүгін мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас Ұлан» мектепішілік ұйымының отырысы өтті. Күн тәртібінде жоспарға сай атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау, алда жасалатын іс-шаралардың мән-жайын ортаға салу, оқушылардың қоғамдық жұмыстарға араласуына кеңірек қолдау көрсету, жоспар бойынша атқарылып жататын мектепішілік жұмыстарға жасұландықтардың араласуы және қолдау көрсетуі секілді мәселелер сөз болды. Бұл өз кезегінде балалардың бойында «Жас Ұлан» ұйымы мүшесі ретінде жауапкершілік сезімдерін орнықтырып, мектепішілік жұмыстар мен қоғамдық іс-шараларда белсенді болуға септігін тигізеді. Оқушылармен өткен ұйым отырысы нәтижесінде осындай отырыстарды жиі өткізіп тұру керектігі және балалардың мектепішіндегі тәртіптерін қадағалау қажеттілігі айтылды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: