" Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы" тақырыбында челлендж. » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы" тақырыбында челлендж.
18
наурыз
2024

" Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы" тақырыбында челлендж.

Ұлттық киім - ұлттың айнасы. Қазақ халқы бағзы заманнан бері сан түрлі киім үлгілерін жасап, олардың басқосудың мағынасына қарай кие білген. Киім жай ғана шүберек емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні зор.

Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз! Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жоамрт Тоқаев Наурызнама онкүндігінің бір күнін Ұлттық киімге арнау туралы шешім қабылдады.

Наурыз жер жүзіндегі 300 миллион адамды біріктіретін ұлық мереке. Бұл халықтар үшін Ұлыстың ұлы күні ұлттық киімін жаңғыртатын мезгіл,осыған орай №151 ЖББМ 18.03.2024ж күні «Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы « тақырыбындағы челленджіне ат салысты.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: