ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен кездесу . » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен кездесу .
18
наурыз
2024

ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен кездесу .

Алматы қаласы Алатау ауданы 18.03.2024ж күні ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен №151 жалпы білім беретін мектебінде 8-9 қазақ сынып оқушыларымен мектеп мәжіліс залында поэзия кеші ұйымдастырылды.
Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән, дей келе оқушыларымыз өздерінің жақсы көретін поэзияларын оқып ,поэзия туралы өздерінің ойларымен бөлісіп түрлі сұрақтар қоя отырып сол сұрақтарына қанақаттандыралықтай жауаптар алды.
Кеш барысында Марал Анарбек пен Аманжолова Алма апайларымыз әсем дауыстарымен ән орындап оқушыларымызды таң қалдырды . Кеш соңында мектебіміздің ардагер ұстазы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі : Ахметова Г. М. өз батасын беріп ,оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: