Іс-шаралар 2023 » Страница 2 » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қош келдің Жаңа Жыл”
28
желтоқсан
2023
“Қош келдің Жаңа Жыл”
Алматы қаласы Алатау ауданы №151 ЖББ мектебінде 28.12.2023ж күні 7-8 сыныптар арасында “Қош келдің Жаңа Жыл” мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар мерекелік іс шарадан керемет сезім алып жақсы көңіл күйде қайтты. Жаңа 2024 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"!
15
желтоқсан
2023
"Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы"!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!  Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
«Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсімі.
08
желтоқсан
2023
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
Алматы қаласы Алатау ауданы өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында №151 ЖББМ  «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсімі өтті .
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
01
желтоқсан
2023
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі.
Алматы қаласы  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында оқушылар сарайында  «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсіміне №151 ЖББМ оқушылары да барып, жақсы көңіл күймен қайтты.
Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша
28
қараша
2023
Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша
Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша  №151 ЖББМ  7 «Е» сынып  оқушысы Худайбердиева Элиза  қатысып  аудан көлемінде II- орынмен марапатталды. Жетекшісі: Лома Д.Ж.
«XXI ғасыр көшбасшысы»
28
қараша
2023
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Алматы қаласы Алатау ауданы Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына ұйымдастырылған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қатысқаны үшін №151 ЖББМ 11 сынып оқушысы Қалыбекова Асель МАРАПАТТАЛДЫ. Жетекшісі: Смагулова А.М.
Оқуға құштар мектеп жобасы
27
қараша
2023
Оқуға құштар мектеп жобасы
Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша  №151 ЖББМ  6 «Г» сынып  оқушысы Садыкова Фатима  қатысып  аудан көлемінде III- орынға ие болды. Жетекшісі: Сыздыкова А.С.
"Вейпсіз әлем" республикалық челленджі.
24
қараша
2023
"Вейпсіз әлем" республикалық челленджі.
"Өркен" Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты коммерциялық  емес акционерлік қоғам. "Вейпсіз әлем" республикалық челленджіне белсенді қатысқаны үшін  №151 ЖББМ технология пәнінің мұғалімі Ыбырайым Д.С. АЛҒЫС ХАТПЕН  марапатталды.
"Вейпсіз әлем" республикалық челленджі.
23
қараша
2023
"Вейпсіз әлем" республикалық челленджі.
"Өркен" Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты коммерциялық  емес акционерлік қоғам. "Вейпсіз әлем" республикалық челленджіне белсенді қатысқаны үшін  №151 ЖББМ оқушысы Садикова Фатима  СЕРТИФИКАТПЕН марапатталды.