27
қазан
2021
«Күз кереметі»
Оқушыларымыздың өз қолдарымен көкөністерден фигуралар жасай отырып, тәжірибе жасайтын уақыт. Жыл сайын күзде мектебімізде табиғи материалдарды қолдана отырып жасалған ең жақсы қолөнерге арналған барлық көрмелер мен байқаулар өткізіліп тұрады. Балалар және олармен бірге ата-аналары өз қолдарымен әдемі, ерекше фигуралар жасайды. Ол үшін әр түрлі жемістер, жидектер, көкөністер, әдемі жапырақтар, саңырауқұлақтарды пайдаланады.Дәл осы мереке бүгін мектебімізде жалғасын тапты.1-4 сыныптар арасында «Күз кереметі» атты қол өнер бұйымдарының көрмесі өтті.