Іс-шаралар » Страница 20 » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жасөспірімдер мен  кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу»
07
қыркүйек
2021
«Жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық
Бүгін мектебімізде мектеп инспекторы Бапанов Абылайхан 7-11 сынып оқушылары арасында   «Жасөспірімдер мен  кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Білім күні !
01
қыркүйек
2021
Білім күні !
Сәлем, саған мектебім, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие Ой санама еккенің. Қуаныш бүгін – мереке, Шуағын шашып тұр әлем. Мектепке келген алғашқы, Жан досым, саған мың сәлем. Мектебіміздің 11 «Б» сынып оқушыларының атынан құттықтауы.
1 қыркүйек.  Білім күні !
01
қыркүйек
2021
1 қыркүйек. Білім күні !
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!  Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларын мектебіміздің  ұстаздары өз өнерлерін паш етіп жылы лебізбен қарсы алды.
Абай Құнанбайұлы 176-жыл.
11
тамыз
2021
Абай Құнанбайұлы 176-жыл.
Абай Құнанбайұлы 176-жыл. ❇️ Ұлтымыздың ұлы перзенті Абайдың туғанына -176 жыл. ❇️ Поэзия атты патшалықтың жыр жауһарын төгіп, қара сөздің қадірін түсіндірген,өлең құдіретін ұғындырған Абайдың болмысы бөлек, мұрасы ерекше құбылыс. ❇️ Адамзат өркениетінің күретамыры, ұлттық әдебиетіміздің классигі, ар мен ождан категориясының ажырамас  бөлшегіне айналған ақын шығармашылығы  ұрпақ санасында мәңгі жаңғырмақ!
"Тәуелсіздік ұландары!"
14
маусым
2021
"Тәуелсіздік ұландары!"
Мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ,"Тәуелсіздік ұландары" тақырыбымен ашық алаңда санитарлық талаптарды сақтай отырып  11 сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Құрметті ЖАС ТҮЛЕКТЕР ,сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда !Сондықтан да ,қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспіз!!!
"Табиғатты аялайық!"
14
маусым
2021
"Табиғатты аялайық!"
11сынып түлектері "Аялайық табиғатты бәріміз!" ұранымен экологиялық бағытта және санитарлық талаптарды сақтай отырып акция өткізді. 
"Жазғы мектеп-2021!"
11
маусым
2021
"Жазғы мектеп-2021!"
Жазғы мектеп 2021. Алматы қаласы Білім басқармасының "#151 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын пәні мұғалімдері  Бакыт Айгуль, Қыдырбай Нурилла Қуанышқызы жазғы мектептің 5,7-сынып оқушыларымен “Pronouns/verb to be”, "Subject pronouns.Повторение глагола to be.Definite article" тақырыптарында ашық сабақ өткізді.  
"Жазғы лагерь!"
08
маусым
2021
"Жазғы лагерь!"
Мектебімізде оқушылардың жаз мезгілінде демалыс кундерін  тиімді пайдалану мақсатында жазғы лагерьде  ЖШС "Universal Sky Studios" бірлесіп "Биікке самға " әлеуметтік жобасы  жүзеге асырылуда. Оқушыларымыз би, вокал, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша үйірмелерге қатысып, жан жақты даму үстінде. Оқушыларымыз алған әсерлерімен бөлісіп дән риза!  
«Бала деген бір бақыт!»
01
маусым
2021
«Бала деген бір бақыт!»
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де  мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай  «Бала деген бір бақыт!»  балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету,бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу, оқушының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектебімізде жазғы лагердің ашылу салтанаты өтті. Оқушыларымыз би билеп, ән айтып, жазғы демалыс туралы сезімдерін айтып мәре сәре болды. Мереке құтты
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
31
мамыр
2021
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы екенін  негізге ала отырып, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі "Тағзым" тақырыбымен мақала жариялады.