Іс-шаралар » Страница 27 » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік ел тілегі"
12
желтоқсан
2019
"Тәуелсіздік ел тілегі"
Бастауыш сынып оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың қатысуымен "16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік" мерекесіне орай 2А сыныбында "Тәуелсіздік ел тілегі" атты ашық сынып сағаты өтті.
Парасатты Отбасы
07
желтоқсан
2019
Парасатты Отбасы
Алатау аудандық 150,151,156,160,164,179 ЖББ мектептер арасында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» байқауын өткізіп, мектебімізде базаровтар отбасы қатысып,ІІІ орын иегері атанды.
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
29
қараша
2019
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
      Бүгін мектебімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген- Елбасы" тақырыбында, Алматы қаласының "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрағасы С.К.Байгутдинов мырзаның қатысуымен мерекелік іс- шара өтті. Іс-шарамыз қадірменді қонағымыздың 9-11 сынып оқушыларына кітап сыйлау үрдісімен жалғасын тапты.
Кітапхана жұмысы
25
қараша
2019
Кітапхана жұмысы
"Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы" тақырыбы аясында Абдуллаева Г.К. кітапхана сөресінде көрме ұйымдастырып, өскелең ұрпақты қызықты мәліметтермен таныстырды.
Единый урок
13
қараша
2019
Единый урок
13 қараша  күні "Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ" атты Дүниежүзілік сабағы өткізілді.
"Адалдық сағаты"
06
қараша
2019
"Адалдық сағаты"
Бүгін мектебімізде "Адалдық сағаты" интерактивті жалпыреспубликалық бірыңғай сағаты өткізілді. Мектебіміздің "Адал Ұрпақ", "Жас Ұлан" клуб белсенділері өскелең ұрпаққа адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
конкурс
01
қазан
2019
конкурс
№ 151 ЖББ мектеп ұжымы "Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық  бірлестігінің 20- жылдығына орай ұйымдастырылған "Үздік кәсіподақ ұйымы-2019" байқауына қатысып , І орын иегері атанды.
Тілдер мерекесі
25
қыркүйек
2019
Тілдер мерекесі
ҚР Тілдер мерекесіне орай оқушылар арасында ұйымдастырылған "Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" атты аудандық байқауда 3 сынып оқушылары Жұмағали Нұртас 2орын, Кадырова Арайлым 1 орын иеленіп, Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының IIIдәрежелі дипломымен мараппатталды.Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Жайбергенова Жадыра.