«Адал ұрпақ» авторлық жұмысының тұсау кесері. » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сәуір
2022

«Адал ұрпақ» авторлық жұмысының тұсау кесері.

Алматы қаласы, Алатау ауданы №151 ЖББ мектепте 08.04.2022ж күні
Аудан мектептері  директорларының  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге  Ұлттық құндылық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» авторлық жұмысының тұсау кесері болып өтті.

Қонақтары ретінде :ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы Қ.А.Токушев
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М.Ақмұрзаева
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері  А.Б.Смагулова
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.К.Джилкибаевна  қазіргі заман болмысын қабылдауға әзір үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу  мақсатында «Адал Ұрпақ» атты авторлық бағдарламасын ұсынды.
Осыдан екі жыл бұрын қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жұмыс болған. Бірлестікте жалпы 18 мұғалім жұмыс істейді. Әр мұғалім екі сабақтан ұсынып, жалпы бағдарлама 34 сағатты құрайтындығын, әр мұғалімнің өткізген сабақтарының қысқа мерзімді сабақ жоспарлары жинақталып шығарылғанын және алынған тақырыптар мен құрылған сабақ жоспарлары оқушылардың жас ерекшеліктері де ескерілгені аталды.
«Адал Ұрпақ» авторлық бағдарламаға өз үлестерін қосқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (Қабылбекова Б.Н., Бүркітова А.С., Утепова Р.И.) өздерінің өткізген сабақтарына қысқаша түсіндірме жүргізіп бейне сабақтарын ұсынды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық «САНАЛЫ Ұ
РПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбекович мырза барша қатысушыларға
тың мәліметтерін бөлісе отырып, алдағы уақытта маңызды болып табылатын әдістерді қолдануды, «Адал Ұрпақ» атты авторлық бағдарламасын барлық мектептер қолданысқа енгізуді ұсынды.
Сондай –ақ, Кайыржан Ахметбекович, Қарлығаш Медербекқызы №151 ЖББМ директорымен ұстаздарына «Адал ұрпақ» авторлық жұмысының тұсау кесері өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыстарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: