Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қараша
2025

«Ерте жүктіліктің алдын алу және жеке гигиена»

Алматы қаласы
Алатау ауданы
№151 ЖББМ 10.11.2025 ж күні мектебімізде 5-7 сынып қыздарына арналған «Ерте жүктіліктің алдын алу және жеке гигиена» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жасөспірімдік кезеңдегі жеке жауапкершілігін арттыру, өз денсаулығына ұқыпты қарауға үйрету, ерте жүктіліктің салдары мен қауіпсіз мінез-құлық туралы мағлұмат беру.

Көтерілген мәселелер:
– Жеке бас гигиенасын сақтау ережелері
– Ерте жүктіліктің физикалық және психологиялық салдары
– Қоғамдық және отбасылық жауапкершілік
– Дұрыс қарым-қатынас мәдениеті

Іс-шараға мектептің медициналық қызметкері қатысты. Тақырып аясында оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, сұрақ-жауап форматында өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: