Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Музыка әлемі," Әсем ән мен тәтті күй -концерт.
29
наурыз
2023
"Музыка әлемі," Әсем ән мен тәтті күй -концерт.
29.03 2023 жылы "Музыка әлемі," Әсем ән мен тәтті күй, Сан қырлы өнер құтты сый ..." тақырыбында концерт- сабағы өтті. Концерттің мақсаты: Оқушылардың музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,  Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен фольклорының озық үлгілерін білу.
Жалпы қалалық ата-аналар жиналысы.
28
наурыз
2023
Жалпы қалалық ата-аналар жиналысы.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Х.Қ.Әжіғұлованың және басқа да мүдделі орындардың уәкілдерінің қатысуымен 28.03.2023 күні сағат 15:00 де онлайн форматта жалпықалалық ата-аналар жиналысына 151 ЖББМ ата-аналары да қатысты.
«Өзін-өзі басқару» ұйымы «Мектептегі бір күн»
13
наурыз
2023
«Өзін-өзі басқару» ұйымы «Мектептегі бір күн»
Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылы 13-29 наурыз аралығында білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында мектеп  парламенттердің қызметі арқылы білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне білім алушыларды тарту мақсатында «Мектептегі  бір күн" атты челленджін өткізеді.Осыған орай, Алматы қаласы Алатау ауданы №151 ЖББМ «Өзін-өзі басқару»ұйымы «Мектептегі бір күн» тақырыбында бейнеролик түсірді. 
“КВН математика”
28
ақпан
2023
“КВН математика”
Жаратылыстану-математика пәндері апталығына орай ұйымдастырылған “КВН математика” тақырыбында шағын іс-шара 5,8 сыныптар арасында болып өтті. Жауапты мұғалімдер: Махатова К.А., Исраилова С.А.   
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған Абай оқулары.
23
ақпан
2023
Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған Абай оқулары.
23.02.2023 ж. күні мектебімізде Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны сонымен қатар ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған Абай оқулары байқауы 7 сынып оқушыларының арасында өткізілді, жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.  
Ауған ақиқаты.
16
ақпан
2023
Ауған ақиқаты.
Бүгін мектебімізде дәстүр бойынша Ауғантандағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні аталып өтті. Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 34 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, Ауған соғысының ардагерлері қонаққа шақырылды .Ардагерлерге оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,сол сұрақтарға жауап алды .Кездесу барысында Ауған ардагерлері өз өнерлерін де  ортаға салып ,ризашылықтарын білдірді
"Біздің "ЖОҚ"дегеніміздің маңызы!"
28
қараша
2022
"Біздің "ЖОҚ"дегеніміздің маңызы!"
Алматы қаласы Алатау ауданы "Біздің "ЖОҚ"дегеніміздің маңызы!" Аудандық әлеуметтік бастамалар жобасына қатысып II- орын иеленгені үшін "Намыс" тобы марапатталды!
Республикалық 7-11 сынып оқушылары арасындағы  "ФАН-ДЕБАТ" пікірсайыс турнирі
26
қараша
2022
Республикалық 7-11 сынып оқушылары арасындағы "ФАН-ДЕБАТ" пікірсайыс
Республикалық 7-11 сынып оқушылары арасындағы  "ФАН-ДЕБАТ" пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінің жеңімпазы , мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Сулаева Есита II- дәрежелі дипломмен марапатталды! Жетекшісі: Кунанбаев М.К. Жеңіс құтты болсын!
25 қазан Республика күніне орай оқушылар арасында суреттер көрмесі.
21
қазан
2022
25 қазан Республика күніне орай оқушылар арасында суреттер көрмесі.
Өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету мақсатында 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай оқушылар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды