«Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары бойынша тәжірбие алмасу. » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қаңтар
2023

«Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары бойынша тәжірбие алмасу.

24.01.2023 жылы Алматы қаласы Алатау ауданындағы №151 ЖББ мектепте ауданның мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілерінің қатысыуымен жасөспірімдер арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттауға және аудан мектептері арасында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстары бойынша тәжірбие алмасуға арналған шара өтті.
Шараға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев және Алатау ауданының білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмұрзаева қатысты.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс тәжірибесі туралы №151 ЖББның Қазақстан тарих пәнінің мұғалімдері А.У.Сейтжан., А.М.Смагулова, ағылшын пәнінің мұғалімі И.А.Омаровтар жүргізілген жұмыстарымен таныстырып өтті. Мысалы, мектеп ішінде «Адал дүкен», «Флешмоб», «Дебат», «Дөңгелек үстел», түрлі конкурстар, сауалнамалар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» деген тақырыпта 5-7 сыныптар арасында эссе, суреттер байқауы және 5-7 сынып оқушылары арасында қабырға газеттерінің конкурсы ұйымдастырылған.
Шарада ақпараттық, әлеуметтік бейнероликтер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие туралы Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі С. Ж. Мениспаева ақпарат берді.
Ал «Адал ұрпақ» клубының сауалнама нәтижелері туралы Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі М.К.Кунанбаев айтып берді. Осы сауалнамаға 5-6 сыныптар арасынан 65 оқушы қатысқан.
10-сынып оқушысы Әсел Қалыбекова жетекшілік ететін «Қазіргі азаматтық қоғамның дамуындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің рөлі» атты ғылыми жоба басталғаны туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Абдалиева жеткізді.
Шарада Қ.А.Токушев №151 мектептің жасөспірімдер арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттауға және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының атқарған жұмыстарына оң баға беріп, мектеп директоры Г.Ж.Молдабаеваға ризашылығын білдіріп, басқа мектептердің басшыларын осы мектептен үлгі алуға шақырып, алдағы міндеттер туралы ұсыныс енгізді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: