Материалы за Наурыз 2021 года » Страница 2 » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Денсаулық зор байлық!"
15
наурыз
2021
"Денсаулық зор байлық!"
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде оқушылармен тікелей жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдеріне тегін вакцина салу рәсімі жалғасуда. Осы орайда мектебіміздің ұстаздары ерікті түрде коронавирусқа қарсы "Спутник V вакцинасын салдырды.  Ереже бойынша вакцина салдырмас бұрын дәрігерлік тексерістен өтіп, салдырғаннан кейін жарты сағат дәрігерлік бақылауда болды.  Қазіргі таңда
ДОГОВОР №1 от 12 марта 2021 года
12
наурыз
2021
ДОГОВОР №1 от 12 марта 2021 года
ДОГОВОР №1 в соответствии с бюджетной программой.   
"Жалғасы бар,Жырымның жалғасы бар......"
11
наурыз
2021
"Жалғасы бар,Жырымның жалғасы бар......"
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Жалғасы бар,Жырымның жалғасы бар......"атты қалалық Мұқағали оқуларының қорытындысы бойынша  3 орын иегері Закирова Дана. Жетекшісі: Шұлғауова Г.Б.
Республикалық "Самғау"
05
наурыз
2021
Республикалық "Самғау"
Мектебімізідің мың бұралған биші қыздарымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасында қашықтықтан ұйымдастырылған ән, би өнер байқауында хореография жанры бойынша І орынға иеленді. Үйірме жетекшісі Сансызбай Акжарқын.
"Тәуелсіздік-бабадан қалған аманат"
04
наурыз
2021
"Тәуелсіздік-бабадан қалған аманат"
Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 30 жыл, алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерей тойына орай  "Тәуелсіздік-бабадан қалған аманат"атты тақырыбында  Алатау ауданы  мектеп оқушылары арасында өткен дебатта белсене қатысып, тарих пәнін үздік меңгергені үшін мектебіміздің 9"Г"сынып оқушысы Магаматова Камила МАДАҚТАМАМЕН  марапатталды! Жетекшісі : А.У.Сейтжан  
"Тіл білімі"
03
наурыз
2021
"Тіл білімі"
Қалалық ғылыми жобалар байқауынан "Тіл білімі" секциясынан 3 дәрежелі дипломмен 9-сынып оқушысы  Көбеев Нурдаулет марапатталды. Жетекшісі: Тумабаева А.И.
"30 игі іс"
01
наурыз
2021
"30 игі іс"
Мектебіміздің 11сынып түлектері сынып жетекшісі Р.Н.Турсынбековамен алғыс айту күні мерекесі аясында "30 игі іс" қамқорлық  акциясына белсене қатысып, Шапағат ы.а. тұрғыны ғұмыр бойы істеген еңбектеріне сый-құрмет көрсету мақсатында Еңбек ардагері   А.М.Афонинаға алғыстарын білдіріп, көмек қол ұшын созып, қарттарымыз қашанда аман сау жүрсін деген ізгі тілектерін білдірді. Жақсылық жасаудан жалықпайық!!!!!
Назад 1 2 Вперед