"Біз жемқорлыққа қарсымыз" » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қараша
2020

"Біз жемқорлыққа қарсымыз"

Мектебімізде 3.11.2020 ж. сағат 12.00 Алатау ауданы мектептерінің арасында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында "Біз Жемқорлыққа Қарсымыз" интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді. Аудан мектептерінің арасында 1 турдан өткен бес мектеп, "Абай" №26 ЖББМ, "Алатау қырандары" №82 ЖББМ, "Парасатты" №151 ЖББМ, "Қоңыр Ұландары" №154 ЖББМ, "Аманат" №182 ЖББМ аудандық жарысқа қатысып белсенділік танытты. Байқау  барысында  оқушылар ребус шешу, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, үй тапсырмасы ретінде берілген  Абай Құнанбаевтың қай  "Қара сөзінде" осы тақырыпқа қатысты айтылғанын тауып, түсіндіру секілді тапсырмаларды орындады. Әрине оқушыларды бағалау барысында қадірменді қонақтарымыз "Саналы Ұрпақ" Республикалық жобалық кеңсе меңгерушісі Қ.А.Токушев, Алатау АББ басшысы Қ.М.Ақмурзаева әділ бағаларын беріп, 1 орынға №182 ЖББМ "Аманат", 2 орынға "Парасатты" №151 ЖББМ, "Қоңыр Ұландары" №154 ЖББМ, 3 орынға "Алатау қырандары" №82 ЖББМ , "Абай" №26 ЖББМ мақтау қағаздарымен марапаттады. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жақсы лебіздерін жеткізді. Байқау өз дәрежесінде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: