«Ұлттық құндылық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке тұлғаны тәрбиелеу» » КГУ «Общеобразовательная школа №151» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлттық құндылық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке тұлғаны тәрбиелеу»
08
сәуір
2022

«Ұлттық құндылық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке тұлғаны тәрбиелеу»

Алматы қаласы, Алатау ауданы №151 ЖББ мектепте 08.04.2022ж күні 
Аудан мектептері   директорларының  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге  «Ұлттық құндылық арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке тұлғаны тәрбиелеу» атты аудандық семинар болып өтті. 
Семинардың қонақтары :ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық  «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбекович.
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы. 
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің әдіскері Әлия Белгібайқызы.
Аудандық семинар арнайы ұстаздар мен оқушылар тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен басталды.
1.Семинар барысында директордың   тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Абдалиева «Адал Ұрпақ» еріктілер  клубының жұмыс барысы және  өткізілген іс шаралармен таныстырып, 2021 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп берді.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.К.Джилкибаевна  қазіргі заман болмысын қабылдауға әзір үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу  мақсатында «Адал Ұрпақ» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Бірлестіктегі әр мұғалім екі сабақтан ұсынып, жалпы бағдарлама 34 сағатты құрайтындығын, әр мұғалімнің өткізген сабақтарының қысқа мерзімді сабақ жоспарлары жинақталып шығарылғанын және алынған тақырыптар мен құрылған сабақ жоспарлары оқушылардың жас ерекшеліктері де ескерілгенін атап өтті.   
3. «Адал Ұрпақ» авторлық бағдарламаға өз үлестерін қосқан  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (Қабылбекова Б.Н., Бүркітова А.С., Утепова Р.И.) өздерінің өткізген сабақтарына қысқаша түсіндірме жүргізіп бейне сабақтарын ұсынды. 
4. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық  «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбекович мырза барша қатысушыларға тың мәліметтерін бөлісе отырып, алдағы уақытта маңызды болып табылатын әдістерді қолдануды, «Адал Ұрпақ» атты авторлық бағдарламасын барлық мектептер қолданысқа енгізуді ұсынды.
Сондай –ақ, Кайыржан Ахметбекович, Қарлығаш Медербекқызы  №151 ЖББМ директорына және ұстаздар мен оқушыларға семинарды өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыстарын білдірді.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: