Алматы қаласы Білім басқармасының
«№151 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 245-63-08
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-12-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Таза Қазақстан партиялық жобасы аясында" Таза бейсенбі" акциясы
08
тамыз
2024
Таза Қазақстан партиялық жобасы аясында" Таза бейсенбі" акциясы
08.08.2024 күні Таза Қазақстан партиялық жобасы аясында Таза бейсенбі акциясы өтуіне, акиматпен бірлесіп Алатау паркінде қоқыстарды тазалауға 151 ЖББМ ұстаздары да белсене ат салысып қайтты.
"Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығына оқушылар жіберілді
02
тамыз
2024
"Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығына оқушылар жіберілді
Биылғы жылы мектебімізден "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 10 оқушы жолдама алып, демалысқа аттанды. Қонаев қаласының жағажайында орналасқан аталмыш демалыс орнында барлық жағдай қарастырылып, жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Ауданнан Білім бөлімінің мамандары мен әлеуметтік педагогтар да лагерьдің жай-күйін көріп, тек жылы эмоцияларымен бөлісті. Демалыс орны балаларға пайдалы әрі қызықты бағдарламаларымен және әртүрлі ойын-сауық іс-шараларымен есте қалады деген сенімдеміз!
2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында "Мектепке жол" акциясы жарияланды
01
тамыз
2024
2024-2025 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында "Мектепке жол" акциясы
2024 жылы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында елімізде "Мектепке жол" акциясы жарияланды. Акция мақсаты: аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке дайындау мақсатында: киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және де т.б. жетіспеуіне байланысты балаларға мектепке баруға қолдау көрсету. Акция аясында материалдық көмек көрсетемін деген ниеттегі жомарт жандар болса сондай-ақ, өз үлесін қосқысы келетін
11 сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі.
14
маусым
2024
11 сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі.
Мектебімізде 11 сынып оқушыларына жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі өтті. Рәсімге мектебіміздің ардагер ұстазы Ахметова Гулсара Мухаметкалиевна қатысып, түлектерге деген ізгі тілегін айтып Ақ жол тіледі. Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер.  Білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенімдеміз. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын!
9сыныптар оқушыларына аттестат табыстау рәсімі!
13
маусым
2024
9сыныптар оқушыларына аттестат табыстау рәсімі!
Мектебімізде  9 сынып оқушыларына аттестат табыстау рәсімі өтті. Қымбатты оқушылар, бұл күн - сендердің өмірлеріңдегі ең қызықты сәттің бірі. Мектеппен қоштасатын кез келді. Алда мыңдаған мүмкіндік күтіп тұр. Ең бастысы өздерің үшін дұрыс таңдау жасай біліңдер. Ұл-қыздарымыздың батыл әрі тәуекелшіл болуына тілектеспіз. Армандарыңа нық сеніп, алға қадам басыңдар! Ата-ананың, алтын ұя мектептің, елдің мақтанышы болыңдар! Сәттілік тілейміз!   
Соңғы қоңырау.
24
мамыр
2024
Соңғы қоңырау.
Мектебімізде "Білімім-Отаныма”* бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаты мемлекеттік әнұранмен бастау алып, ҚР Оқу -ағарту министрі Ғани Бисембаевтың құттықтау бейнеролигін көрумен жалғасын тапты.   
151 ЖББМ оқушылары Афонина Тоня әжемізді мерекесімен құттықтап қайтты
09
мамыр
2024
151 ЖББМ оқушылары Афонина Тоня әжемізді мерекесімен құттықтап қайтты
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! 151 ЖББМ оқушылары Афонина Тоня әжемізді мерекесімен құттықтап қайтты. Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбек теріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!  
7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні.
06
мамыр
2024
7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні.
Құрметті, жігіттер, әріптестер! 7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз.
ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен кездесу .
18
наурыз
2024
ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал
Алматы қаласы Алатау ауданы 18.03.2024ж күні ҚР мәдениет қайраткері Конферансье, кино және театр актрисасы Марал Анарбек пен Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісімен №151 жалпы білім беретін мектебінде 8-9 қазақ сынып оқушыларымен мектеп мәжіліс залында поэзия кеші ұйымдастырылды. Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған
" Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы" тақырыбында челлендж.
18
наурыз
2024
" Ұлттық киімді дәріптеу,ұлт болашағы" тақырыбында челлендж.
Ұлттық киім - ұлттың айнасы. Қазақ халқы бағзы заманнан бері сан түрлі киім үлгілерін жасап, олардың басқосудың мағынасына қарай кие білген. Киім жай ғана шүберек емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні зор. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз! Осыны ескерген Мемлекет басшысы